Барша адамзат баласы үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің орны айрықша. Ақмола өңірінде мұң аралас мерекені өз деңгейінде атап өтуге қатысты дайындық шаралары басталып кетті. Осындай тағылымдық-тәлімдік шараның бірі – «Боздақтар» кітабын толықтырып, төрімізге қайта оздыру.
Елімізді жаудан азат етуде құрбан болған жерлестерімізге арналған бұл ескерткіш-кітап ерекше мәнге ие. Қымбат жәдігерімізде Ақмола облысының қазіргі әкімшілік аумағынан Ұлы Отан соғысы жылдары қан майданға аттанған жауынгерлердің тізімі қала мен аудандар бойынша жеке-жеке ұсынылмақшы. Қазіргі күні әрбір аудан мәліметтер жинау жөнінде өздеріне жүктелген тапсырманы аяқтауға таяу екенін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шапай Әбутәліпов айтып отыр.
– Біз жеңіс үшін жаумен айқасқан аға ұрпақтың, ажал құшқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухы алдында мәңгілік қарыздармыз. Батырларымыздың ерлігі біздер үшін әрқашан үлгі-өнеге. Бұл ерлік өскелең ұрпақтың жадында мәңгілік жатталып қалуы үшін қоғам болып жұмыла жұмыс істеуіміз керек. Осы басылымды 1000 данамен шығарып, Көкшетау, Степногор қалалары мен облыстың әрбір аудандарының мектептеріне, кітапханаларына, музейлер мен ардагерлер ұйымдарына тарту етпекпіз, – дейді Шапай Мүтәллапұлы.
Облыстық ардагерлер ұйымының мәліметі бойынша, кезінде Көкшетау облысынан 100 мыңға жуық адам соғысқа аттанған. Қазір облыста 103 мың зейнеткер бар. Оның 228-і Ұлы Отан соғысының ардагері болса, 72-сі Көкшетау қаласында тұрады. Тізімге алынғандардың барлығының есімі жаңа кітапқа енетін болады. Егер суреттері болса, тіпті жақсы. Соғысқа басқа жерден шақырылып, бірақ кейін белгілі бір себептермен біздің облысқа қоныс аударған ардагерлердің аты-жөндерін де кітапқа енгізу мәселесі ұмыт қалмайды. Сондықтан, Шапай Әбутәліпов тұрғылықты мекен-жайлары бойынша Көкшетау, Степногор қалалары мен аудан тұрғындарынан соғысқа қатысқан ата-бабаларының аты-жөндерін нақтылауды өтінді. Ол үшін қалалық, аудандық ардагерлер кеңесі мен әскери комиссариатқа хабарласулары керек. Ал, жалпы, осы айдан бастап аудандардан тізімдер сұрала бастайды.
«Боздақтар» 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер туралы екі томдық ескерткіш-кітап бұрынғы Көкшетау облысы кезінде, 1996 жылы жарық көрген болатын. Енді 3 томдық болып шығатын қымбат жәдігер сәуір айында жарық көрмек. Бұл басылымда майдан даласында қаза тапқан барлық жауынгерлердің есімі жазылады.
Жарқын тарихтың жасампаз беттерін жазуға соғыс ардагерлерімен бірге тыл еңбеккерлері де айрықша үлес қосқаны белгілі. Сондықтан, тың игеру науқанына белсене қатысқан бірқатар еңбек ардагерлерінің есімдерін аталған кітапқа енгізу мүмкіндіктері қарастырылуда.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы.

Тарихшы ғалымның хаттары кітап болып жарық көрді
Әдебиет • Бүгін, 21:50
«Әр адамның мәселесі маңызды»: Ерлан Қошанов тұрғындардың талап-тілегін тыңдады
Қоғам • Бүгін, 21:23
Түркі елдерінің басшылары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Қоғам • Бүгін, 20:45
Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді
Аймақтар • Бүгін, 20:02
Түркі халықтарының көшбасшылары Turkistan визит-орталығына барды
Президент • Бүгін, 19:54
Президент түркі тарихын біріктіретін AI-платформа құруды ұсынды
Президент • Бүгін, 19:37
Астанада телекоммуникация саласының үздіктері марапатталды
Қоғам • Бүгін, 19:25
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ аясында бірлесе іске асыруға болатын бірқатар ұсынысты ортаға салды
Президент • Бүгін, 18:08
Президент: Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес
Президент • Бүгін, 18:06
Мемлекет басшысы: Түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру қажет
Президент • Бүгін, 17:50
Президент: Алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы – өте маңызды
Президент • Бүгін, 17:39
Мемлекет басшысы: Түркістан – атажұртымыздың мызғымас темірқазығы
Президент • Бүгін, 17:34
Соңғы бес жылда 4 мыңнан астам білікті маман елден кеткен
Еңбек • Бүгін, 17:33
Президент түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынды
Президент • Бүгін, 17:27
Сталкинг дауы: Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Оқиға • Бүгін, 17:20